Үкімет басшысы Азия даму банкінің жаңа директорын қабылдады

12.11.2020

Премьер-Министрі Асқар Мамин Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Нариман Маннапбековті қабылдады. Тараптар инфрақұрылымды, шағын және орта бизнесті, денсаулық сақтауды дамыту және пандемия салдарының Қазақстан экономикасына әсерін азайту мәселелерін талқылады. Айта кетейік, Азия даму банкі 1994 жылдан бері мемлекеттік жобаларды іске асыруға қаржылай қолдау көрсетіп келеді.  

Дарын Сағитов  


Үкімет басшысы Азия даму банкі

Хабарламаларға жазылу