Қостанайда карантин күшейді
Қостанайда такси жүргізушілері мен жолаушылар маска тағуға міндеттелді. Облыстың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сай азық-түлік сататын орындардың жұмысы таңғы 8:00-ден кешкі 21:00-ге дейін қысқартылды. Ал шаштараз, сән салондары алдын-ала кезекке жазылғандарға таңғы 8:00-ден кешкі 19:00-ге дейін қызмет көрсетуі тиіс. Облыстың шекарасы бойына санитарлық бекеттер қойылып, өңірге келу-кету шектелді. Ал шетелден келушілерге ПТР сынамасының нәтижесі болса ғана өтуге рұқсат. Сонымен бірге бірнеше бағытта теміржол арқылы жолаушылар тасымалы тоқтады. Шымкент қаласымен әуе қатынасы келер жылдың 21 наурызына дейін жабылды.
Владимир Нечитайло, Қостанай облысының бас санитар дәрігері:
Күн сайын мониторингтік топ 50-ден 80-ге дейін карантин талаптарын бұзу фактілерін анықтайды. Салыстыру үшін айтсақ қыркүйекте бұл көрсеткіш алтаудан аспайтын. Коттедждерде жасырын той тойлап, еске алу рәсімін өткізетіндер азаймай тұр. Мұның бәрі жағдайдың ушығуына соқтыратынын ұмытпаңыздар. Маска тақпағаны үшін ғана 83 мың теңге айыппұл салынады. Сондықтан өз денсаулықтарыңызды қатерге тігіп, артық шығынға ұшыраудың еш қисыны жоқ.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда үш ғарышкер жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12
Франция мен Испанияда 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 10:11
Атырауда екі дәрігерлік амбулатория ашылады
27.07.2026, 10:08
Түркияда үйлерді су басты
27.07.2026, 10:05
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин кездеседі
27.07.2026, 10:03
Тауар айналымы 946 миллион долларға жетті
27.07.2026, 10:02
Қазақстан – Ресей: Логистиканың жаңа кезеңі
27.07.2026, 10:00
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07