Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путин Таулы Қарабақ мәселесін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы соғысты тоқтату туралы келісімнің маңызы зор екенін айтты. Тараптарды бірлескен мәлімдеменің шарттарын сақтауға шақырды. Қазақстан Президенті Ресей елінің арағайындығына жоғары баға берді. Телефон арқылы болған әңгімеде қос ел арасындағы қарым-қатынасты дамыту мәселесі де сөз болды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен сөйлесті. Қос елдің басшысы бауырлас Қырғыз мемлекетіне экономикалық және гуманитарлық көмек көрсету туралы уағдаласты. Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірлесе жұмыс істеу керектігі сөз болды. Президенттер алдағы уақытта жоспарлы бірлескен жобаларды да талқылады.
Шерхан Жамбылұлы