Өңірлерде карантин талабын бұзғандар азаяр емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өңірлерде карантин талабын бұзғандар азаяр емес

11.11.2020

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың қатары күн сайын көбейіп барады. Алайда, карантин талабын бұзғандар азаяр емес. Әсіресе, той-томалақ өткізгендерге тоқтау болмай тұр. Өңірдегі ахуалды Болат Аманбаев баяндайды.  

Павлодар қаласында бір күнде той жасаған 4 мейрамхана анықталды. Мониторингтік топ думан нағыз қызған шақта келіп, той иелерін де, қонақтарды да бейнекамераға түсіріп алған. Әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл төлесе де жұрт той тойлауды доғарар емес. Карантин жарияланғалы Павлодарда шектеу шараларын бұзған 700-ден астам дерек анықталды. 

Арман Қаптаев, жергілікті полиция қызметінің бастығы:  
-Тойханалардың бірінде 20, енді бірінде 63 адамға дейін болды. Мерейтой, екі жерде қыз ұзату, ал, тағы бір мейрамханада үйлену тойын жасап жатыр екен. Тойды тоқтатып, адамдар тарқаттық. Әкімшілік жаза қолдану үшін құжаттар рәсімдеп өкілетті органға жібердік.

Ал, Түркістан облысында кезекті рет көкпар ұйымдастырғандар анықталды. Қарнақ ауылында өткен көкпарды тамашалауға 200-ге жуық адам келген. Полиция қызметкерлері жиналған жұртты дереу тарқатты. Карантинге қарамастан көпшілікті жиып спорттық ойынды ұйымдастырғандарға айыппұл салынды. Күні кеше осындай көкпар өткізген Төлеби ауданының тұрғыны жазаланған болатын. 

қтауда карантин талаптарын елемей, жасырын жұмыс істеген мейрамхана мен дәмхана иелері де жазадан құтылмады. Олар түннің бір уағына дейін жұмыс істеп, талапты бұзған. Бұдан былай, мониторингтік бақылаулар күшейе түспек. Өйткені, өңірде вирус жұқрығандардың саны 65-ке жетті. Ал, өткен аптада 2 адам ковидтің құрбаны болды.

Болат Аманбаев 

Өңір карантин коронавирус

Хабарламаларға жазылу