Ақтөбеде қатерлі ісікке шалдыққандар екі айдан бері ем ала алмай жүр

11.11.2020

Ақтөбеде қатерлі ісікке шалдыққан науқастар екі айдан бері ем ала алмай жүр. Себебі сәулемен емдеуге арналған құрылғылар істен шығып қалған. Аппараттың азабын тартып жүргендер өңірде аз емес. Ондаған адамның қажетті ем ала алмай отырғанын жауапты мамандар жасырмайды. Әзірге бұзылғандары жөнделгенше жұмыс істеп тұрған ескі аппараттармен амалдай тұруға тура келеді. 

Надиар Мусин, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің проректоры:
15-20 адам қазір ем ала алмай жүр. 

Жақсыбек Кемал

Ақтөбе

Хабарламаларға жазылу