Алматы оқушылары ІІ тоқсанда біртіндеп мектепте білім алады
Алматы мектептерінде оқушылар ІІ-ші тоқсаннан бастап білім алудың дәстүрлі форматына біртіндеп көшеді. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысында жазылған. Құжатқа сәйкес бірқатар нысандардың жұмыс тәртібіне өзгеріс енді.
Қуан Нұрақын, тілші:-Жаңа қаулыға сәйкес сыйымдылығы 300 баладан аспайтын мектептер дәстүрлі форматқа көшетін болады. Бірақ бір сыныптағы балалардың саны бұрынғыдай 15-тен аспауы тиіс. Ал, «Шымбұлақ» пен «Медеу» мұз айдыны да келер аптадан бастап келушілерді қабылдай бастайды. Бірақ бұл ай соңына дейін тестілік режимде жүзеге асады.Сондай-ақ, бүгіннен бастап театрлардың жұмысына да рұқсат етілді. Алайда, көрермендер орын санының 50 пайызынан аспауы керек. Діни нысандарда жұма намазын қоспағанда құлшылық етуге, мешіттерде намаз оқуға болады. Бірақ құлшылық етушілердің саны мешіт ішінің 30 пайызына ғана толуы тиіс. Ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері қонақтарды кешкі сағат 10-ға дейін қабылдай алады. Ал, азық-түлік емес және жабық базарлардың қызметіне кешкі беске дейін рұқсат етілді.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлер құрамасы үстел теннисінен рейтинг жаңартты
08.06.2026, 17:33
Қызылорда облысында жаңа нысандар пайдалануға берілді
08.06.2026, 17:30
Оқушылар жазғы демалысын тиімді өткізіп жатыр
08.06.2026, 17:25
Астанадағы балабақшада экологиялық танымдық шара өтті
08.06.2026, 17:22
Атырау облысындағы арықтар тереңдетіліп, шаруаларға су жетті
08.06.2026, 17:20
Ақмола облысында майлы дақылды үш есе көп екті
08.06.2026, 17:17
Риддер қаласындағы ЖЭО-ны жаңарту жалғасады
08.06.2026, 17:15
Астанаға 4 айда ₸587 млрд инвестиция тартылған
08.06.2026, 17:12