Шығыс Қазақстанда күдікті 5-ші қабаттан секіріп көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда күдікті 5-ші қабаттан секіріп көз жұмды

09.11.2020

Шығыс Қазақстанда күдікті полиция қызметкеріне тиесілі пәтердің 5-ші қабатынан секіріп кетті. Қайғылы оқиға Аягөз ауданында болған. 42 жастағы ер адам ауруханада есін жимастан көз жұмды. Облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша, марқұм ауыр қылмыс бойынша күдікті болған. Бірақ ол қалайша, не себепті көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерге жеткізілгені белгісіз. Адам өліміне қатысты тергеу басталды.   

Елдос Закимов, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасар: 
-Ер азамат қылтимасынан секірген пәтер аудандық полиция бөлімі қызметкерінің ата-анасына тиесілі екені анықталды.Қазіргі уақытта арнайы комиссия барлық мән-жайлар, соның ішінде ер азамат ол пәтерде не себепті болғаны анықталуда.   

Берік Көшербай


Шығыс Қазақстан күдікті тергеу

Хабарламаларға жазылу