Елімізде 17 мыңнан астам азамат алаяқ қаржы компанияларына алданған. Ал шығын көлемі 21 миллиард теңгеден асады. Бас прокуратура осындай дерек келтіріп отыр. Осыған орай 400-ге жуық ломбард пен шағын қаржылық ұйым тексерілген. Жасырын пайыз, мөлшерлемені арттыру секілді заңсыздық көп. Сондықтан оларға қатысты 900-ден астам қылмыстық іс қозғалып, 70 миллион теңгеге айыппұл салынды.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алаяқ қаржы компаниялары қазақстандықтарды 21 млрд теңгеге алдаған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/133469/)