Атырауда жол сапасы нашар - ҚКХП - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда жол сапасы нашар - ҚКХП

06.11.2020

Атырауда жол сапасы ақсап тұр. Әрі ауыл-аймақтарға асфальт толық төселмей жатыр. Өткір мәселені Қазақстан коммунистік халық партиясы облыстық комитетінің өкілдері талқылады. 

Биыл аймақта жол құрылысына 41 млрд теңге бөлініп, нәтижесінде жүздеген шақырым жол жаңадан төселіп, пайдалануға берілді. Алайда сапа көңіл көншітпейді.

Ерболат Дәулетқазиев, ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы:
Жол сапасы өте төмен. Бұл мәселені Парламентте көтереміз.

Жандос Темірғали

Атырау жол ҚКХП

Хабарламаларға жазылу