«Бірлік» партиясы ребрендинг жасатып, «Адал» партиясы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бірлік» партиясы ребрендинг жасатып, «Адал» партиясы атанды

06.11.2020
«Бірлік» партиясы ребрендинг жасатып, «Адал» партиясы атанды

«Бірлік» саяси партиясының атауы өзгерді. Ребрендинг туралы шешім 5-ші қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен саяси кеңестің отырысында қабылданды.  Партия төрағасы Серік Сұлтанғалидың атап өткендей «Бірлік» партиясы жұмысын қайта бастауға дайын. Ол тек басқару органдарына ғана емес, жалпы философияға да қатысты болмақ.  

«Біз ребрендинг секілді, атауды өзгерту туралы зерттеу жүргіздік. Зерттеуді кәсіби әлеуметтанушылар жүргізді, олар атаудың 10-ға жуық нұсқасын қарастырды. Талдау нәтижелері бойынша «Адал» нұсқасы жеңіске жетті. Мамандар бұны халықтың жаңаруға деген қажеттілігін, әділеттілікке деген сұранысын түсіндіреді дейді. Сондай-ақ, адамдар әділеттілік сөзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестен бастап шешім қабылдаудың ашықтығына дейін үлкен мағына береді»,- деді партия төрағасы.

Сонымен қатар, отырыс барысында партияның сайлауға қатысуы туралы мәселе талқыланып, халықтың табысын арттыру, әділ мемлекет, білім беру мен адами капиталды дамыту, өңірлер мен АӨК-ні дамыту, жастарға жағдай жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қамтитын сайлау алдындағы науқанның 7 бағыты ұсынылды. Науқанның соңғы нұсқасы 16-шы қарашада сайлау алдындағы съезде бекітіледі.  

Серік Сұлтанғали күн тәртібіндегі сайлауалды мәселелерден бөлек, саяси кеңеске енген партияның жаңа 9 мүшесін таныстырды.

-Жұмағазиев Эльдар Тынышбайұлы, «Атамекен» ҰКП Басқарма мүшесі;

-Садырбаев Алмасбек Жұмабекұлы, «Шопан Ата» Ұлттық Қазақстан қой өсірушілер Ассосациясының Төрағасы;

-Маликова Лаура Алмасбекқызы, тәжірибелі экологтар қауымдастығының басшысы;

-Ордабаев Олжас Темірбекұлы, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары;

-Назаров Ардақ Кұттықожаұлы, Әлем чемпионы, қоғам қайраткері;

-Мақсат Толықбай, танымал тележурналист;

-Дәулет Мұкаев, танымал тележурналист, әлеуметтік жобалардың авторы;

-Шацкий Игорь Владимирович, қоғам қайраткері;

-Қожамкұлов Мұрат Әкімханұлы, «Адал» партиясы филиалының басшысы.

«Қазір біз Мәжіліс пен мәслихаттар үшін партиялық тізімдерді қалыптастырудамыз. Қорытынды бойынша әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота сақталады. 30-шы қыркүйекте өткен съезде өз күш-жігеріміз, тәжірибеміз бен көзқарасымыз бар екенін айтқан болатынбыз. Мен өз сөздерім мен партияның жаңаруын растаймын. Жаңа құрылым енгізілуі бізді одан әрі нығайта түспек. Бүгін біздің саяси кеңесімізге өз тәжірибесі мен білімін енгізер түрлі саладағы жаңа тұлғалар, қоғам қайраткерлері енді. Біз сайлауға қатысуға дайындалып жатырмыз, тиісті идеологиялық, талдау және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталды », - деді Серік Сұлтанғали.  


«Бірлік» партиясы ребрединг «Адал» партиясы

Хабарламаларға жазылу