Нұр-Сұлтанда екі жігіт қыз үшін төбелесіп, бірі қамауға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда екі жігіт қыз үшін төбелесіп, бірі қамауға түсті

05.11.2020
Нұр-Сұлтанда екі жігіт қыз үшін төбелесіп, бірі қамауға түсті

Нұр-Сұлтан қаласының «Байқоңыр» ауданының Полиция басқармасына елорданың 23 жастағы тұрғыны бейтаныс жігіттің оның жағын сындырып, телефонын тартып алғанын айтып шағымданды.

Тергеу барысында полицейлер болған жағдайды анықтады. Екі жігіттің арасындағы жанжалдың туындауына бойжеткен себеп болған. Оның біреуі бұрын бойжеткен туралы жағымсыз сөздер айтқан. Содан екеуі кездесіп, мәселені шешпек болады. Ал кездесуге келген кезде күдікті жәбірленушінің жағынан ұрып, телефонын тартып алған. Нәтижесінде жәбірленуші ауруханаға түскен. 

Іздестіру шараларын жүргізу барысында полицейлер күдіктіні ұстады. 

«Ол кінәсін мойындады. Қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Ұрланған телефон заттай дәлелдеме ретінде құралды. ҚР ҚК 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінен.

Хабарламаларға жазылу