Елордада мұғалімдер мен полицейлерге КВИ-ге қарсы екпе салу басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада мұғалімдер мен полицейлерге КВИ-ге қарсы екпе салу басталды

01.03.2021
Елордада мұғалімдер мен полицейлерге КВИ-ге қарсы екпе салу басталды

1 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы екпені мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері алады. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Бұл топқа 15 мыңнан астам адам кіреді. Осы санаттағы адамдарды вакцинациялау үшін Нұр-Сұлтанда 36 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында екпе егу бөлмелері ұйымдастырылды. Сондай-ақ екпе салдыртуда ведомствоаралық ұйымдар да қатысады.

Мұғалімдер мен тәрбиешілерге вакциналау АМСК ұйымдарына білім беру ұйымы бекітілген жері бойынша жасалады. Вакцина алатындардың тізімдері жасалды, тиісті емханаларға жіберілген.

Айта кетейік, 1 ақпаннан бастап Нұр-Сұлтанда барлығы 2 126 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Өткен демалыс күндері басқарманың қоймаларына 7 мыңнан астам вакцинаның жаңа дозасы түсті.

коронавирус вакцина Нұр-Сұлтан

Хабарламаларға жазылу