Жітіқара аудандық ауруханасының 15 қызметкерінен коронавирус анықталды
Қостанай облысындағы Жітіқара аудандық ауруханасының екі бөлімі карантинге жабылды. Бұған хирургия және терапия бөлімдерінде ковид жұқтырғандардың анықталуы себеп болып отыр. Індеттің инфекциясы 15 дәрігер мен 3 науқастан табылған. Карантин мерзімі 4 қарашадан 19 қарашаға дейін созылады. Осы уақыт аралығында аурухананы полиция қызметкелері тәулік бойы күзетеді. Карантин аяқталған соң зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Ал аурухананың басқа бөлімдері сақтық шараларын қатаң сақтай отырып жұмыс істей береді.
Ксения Жылқыбаева, облыстық аурухананың баспасөз хатшысы:Қабылдау бөлімі тек дене қызуы бар адамдарды шұғыл жағдайда қабылдайды. Емханада үш мобильді бригада жұмыс істейді. Терапевт дәрігерлер де таңғы сегізден түскі екіге дейін жағдайы ауыр науқастарды ғана қабылдайды. Карантиндік шектеулер балалар емханасы мен фтизиаторлық кабинеттерге ғана енгізілмейді.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда үш ғарышкер жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12
Франция мен Испанияда 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 10:11
Атырауда екі дәрігерлік амбулатория ашылады
27.07.2026, 10:08
Түркияда үйлерді су басты
27.07.2026, 10:05
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин кездеседі
27.07.2026, 10:03
Тауар айналымы 946 миллион долларға жетті
27.07.2026, 10:02
Қазақстан – Ресей: Логистиканың жаңа кезеңі
27.07.2026, 10:00
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07