Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкім шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкім шығарды

15.01.2017
Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкім шығарды. Жұмыс тобын Президент Әкімшілігінің басшысы басқарады. Оның құрамына Парламент, Үкімет, Жоғарғы Сот және өзге де мемлекеттік органдардың сондай-ақ, заңгер қоғамдастығы мен ғылыми-сараптамалық қауымдастықтың өкілдері кірді.

Кеше жұмыс тобының алғашқы отырысы өтіп те үлгерді. Тағы бір Жарлық туралы айтпай кетуге болмас. Президент Жаңа жылда Үкіметке Ішкі істер министрлігінің жанынан Көші-қон қызметі комитетін құруды тапсырды. Әрі биыл 1-сәуірге дейін 2017-2021-жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасы әзірленуі тиіс.

Айбек ҚОБДАБАЙ

Хабарламаларға жазылу