Еуропа елдері карантинді күшейтуде
Еуропада коронавирус жұқтырушылардың саны күннен-күнге артып барады. Вирустың таралуына тосқауыл қою үшін Еуроодақ елдері тұрғындардың көшеге шығуына тыйым салып, қайтадан оқшаулануға көшіп жатыр.
Нұрсұлу Қасым, тілші:-Соңғы бір аптада коронавирусты Еуропада 1 млн 300 мыңнан астам адам жұқтырған. Сол себепті карантин күшейтілуде. Францияда 1-ші желтоқсанға дейін жалпыұлттық оқшаулану жарияланды. Германияда бүгіннен бастап мейрамханалар, фитнес-клубтар мен бассейндер бір айға жабылды. Швейцарияда масканы барлық жерде тағу міндеттеліп, студенттер онлайн оқуға көшті. Осы уақытқа дейін ешқандай шектеу болмаған Швецияда да түнгі клубтар жабылды. Тұрғындар қоғамдық көлікті пайдаланбай, баратын жеріне жаяу немесе велосипедпен жетуі тиіс. Чехия 100 мың адамға шаққанда қайтыс болушылардың саны бойынша әлемде алғашқы орынға шықты. Шағын мемлекет соңғы бір аптада індеттің кесірінен 1200 адамынан айырылды. Бельгияда да бүгіннен бастап сауда орындары, шаштараз, салондар 14-желтоқсанға дейін жабылды.Ауруханаларда орын тапшылығы сезіліп жатыр. Бельгияда өткен аптада реанимация, интенсивті терапия бөлімдерінде орын болмай, бельгиялық науқастар Нидерланд пен Германия ауруханаларына жеткізілген болатын. Бүгіннен бастап Еуроодақта коронавирусқа шалдыққан науқастарды қауіпсіз трансшекаралық тасымалдау ережесі енгізілді. Осыған сәйкес, қарт құрлық мемлекеттері өз ауруханаларында орын жетіспесе, көрші елдердің көмегіне жүгіне алады. Бұған Еурокомиссия 220 млн еуро бөлді.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қазақстан халқына Жолдауын қазан айында жасайтынын айтты
13.09.2026, 20:05
Елімізде қандай салаларда маман тапшы?
13.09.2026, 20:00
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өткен US Open жарысының жеңімпазы атанды
13.09.2026, 19:59
Президент Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады
13.09.2026, 19:57
Қытай көліктері Еуропа нарығына қалай әсер етіп жатыр?
13.09.2026, 19:55
Базалық мөлшерлемедегі өзгеріс: Ипотека нарығына әсер ете ме?
13.09.2026, 19:50
«БРИКС плюс» саммиті: Қандай мәселелер көтерілді?
13.09.2026, 19:46
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17