Алматы маңындағы демалыс орнында атыс болып, 2 адам жараланды
Алматы маңындағы Байсерке ауылындағы демалыс орнында атыс болды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Оқиға 31 қазан күні сағат 16:00 шамасында болған.
«Іле ауданының кезекші бөліміне Байсерке ауылындағы демалыс орнында атыс болғаны туралы ақпарат келіп түсті. Қазір адам өлтіруге оқталу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерді анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жедел іздестіру кешені жүріп жатыр», - делінген хабарламада.
Атыс барысында 2 адамға оқ тиген. Олар Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жарақат алғандардың жағдайлары орташа ауыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02