Коронавирус салдарынан бюджетке 1,1 трлн теңге түспей қалды

01.11.2020

Жағдайдың ушығуы туралы ойлау қорқынышты – қаншама адам көз жұмды, денсаулыққа залалы тиді және адамдар табысынан айырылды. Соңғы уақытта дүкендерден қарызға тамақ алатындар көбейген, дүкеншілердің қолындағы «қарыз дәптерлері» тола бастаған. Жалпы экономикаға келсек, коронавирус кесірінен бюджетке 1,1 трлн теңге түспей қалды. Әсіресе шағын және орта бизнес өкілдері қиналып жатыр. Сол коронадағдарыстан аса қатты зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінің несиелері жылына 6 пайызға дейінгі мөлшерлемемен субсидияланып жатыр. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезінде Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше кешенді мәселеге тоқталды, мысалы, Үкімет пен Ұлттық банкке 2021 жылға арналған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын ұзартуды тапсырды.   

– Бұл жерде өңірлерге аударылатын қаражаттарды сапалы әрі тиімді бөлу жөнінде сөз болып отыр. Тікелей мағынасында ақшаны желге ұшыруға немесе «өз» компанияларына келісімшарттарды бөліп беруге жол берілмеуі тиіс, – деді Президент.

Тағы қандай мәселелерді тапсырғаны туралы сюжет.


Коронавирус бюджет несие «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қасым-Жомарт Тоқаев

Хабарламаларға жазылу