COVID-19: ШҚО-да соңғы бір тәулікте 139 адамнан анықталды
Шығыс Қазақстанда соңғы бір тәулікте коронавирус инфекциясы 139 адамнан анықталды. Бұл қатерлі кеселді жұқтыру бойынша еліміздегі ең жоғарғы көрсеткіш. Індетке шалдыққандар саны күрт көбейген соң өңірде сақтық шаралары күшейтіліп жатыр.
Берік Көшербай, тілші:
-Жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда қатерлі инфекцияны 9 мыңнан астам адам жұқтырған. Коронавирусқа шалдыққандар саны соңғы уақытта күрт көбейіп кетті. Сондықтан індеттің алдын алып, одан ары таралуына жол бермеу үшін өңірде сақтық шаралары күшейтіліп жатыр.
Талғат Тұңғышбаев, облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы:
-Бірінші қарашадан бастап өзгерістер енуі мүмкін. Санитарлық бекеттер қойылуы мүмкін. Ол облыстың шеткі шекараларында, басқа облыстармен және көрші мемлекеттермен шекаралас жерлерде болады. Санитарлық бекеттерде термометрия міндетті түрде болады. Ол жерде медиктер жұмыс атқарады. Сондықтан ол жағы бәрі қарастырылады деп ойлаймын.
Берік Көшербай, тілші:
-Эпидемиолог мамандар аурудың бұлай өршуіне тұрғындар мен кәсіпкерлік нысандардың санитарлық ережені сақтамауы себеп дейді. Көрші мемлекеттерден жолаушылар мен жүктің көп келуі де аурудың таралуына өз әсерін тигізіп жатыр деді. Сондықтан сақтық шараларын күшейту туралы шешім қабылданған.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елдегі энергия саласының әлеуеті артады
10.03.2026, 20:56
Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды
10.03.2026, 20:49
Өңір тұрғындары Конституциялық реформаға қолдау білдірді
10.03.2026, 20:16
Шетелге саяхаттау қауіпсіз бе?
10.03.2026, 20:16
Сыртқы Істер министрлігі ескерту жасады
10.03.2026, 20:12
Зейнетақы шотындағы артық ақшаны емге пайдалануға қайтадан рұқсат етілмек
10.03.2026, 20:12
Елімізде былтыр 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
10.03.2026, 20:10
Референдумды 359 халықаралық байқаушы бақылайды
10.03.2026, 20:09