Түркістанда қос ғұламаға ескерткіш орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда қос ғұламаға ескерткіш орнатылды

23.10.2020

Түркістанда Абайдың 175 жылдығы мен ұлы ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай еңселі ескерткіштер бой көтерді. Әлемнің екінші ұстазы атанған ғұламаның тас мүсіні облыстық драма театрының алдына қойылды. Ал, ұлы ақынның ескерткіші «Оқушылар сарайы» ғимараты алдында тұр. Демеушілер есебінен жасалған тас мүсіндер монументалды стильде жасалған. Қоладан құйылған қос ескерткіштің биіктігі 4 метр, салмағы 1,5 тонна. Салтанатты рәсімге қатысқан Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев киелі Түркістан жерінде қос ескерткіштің бой көтеруін ұлы тұлғалардың рухына тағзым ету мақсатында атқарылған игі іске балады. 


Абай Әл-Фараби Түркістан ескерткіш

Хабарламаларға жазылу