Қарағандыда «Арай» базарын өртегендер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда «Арай» базарын өртегендер ұсталды

23.10.2020

Қарағандыда «Арай» базарын өртегендер ұсталды. Саудагерлердің 14 контейнерін күлге айналдырған күдіктілер ұрлық ізін жасыру үшін базарға от қойған. Жанып кеткен контейнерлердегі азық-түлік тауарларының құны әлі есептеліп жатыр. Ал полиция бейнебақылау арқылы екі адамның әдейі отты жаққанын көрген. 

Жедел іздестіру шаралары барысында 28 жастағы Ақмола облысының тұрғыны Бұқар жырау ауданының орталығы Ботақара кентінен ұсталды. Ал оның 51 жастағы сыбайласы Шахтинск қаласының тұрғыны. Ол Қарағандының өзінде жасырынған. Аса ірі көлемдегі шығын келгені үшін ұсталған екі азамат 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Еске салсақ, 21 қазан күні Қарағандыдағы «Арай» базарында өрт шығып, 14 контейнер жанып кеткен еді. Қыруар тауар күлге айналып, саудагерлер шығынға батқан болатын

Ерлан Ақылбеков, облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары:
Тергеу барысында өрттің қасақана қойылғаны анықталды. Күдікті ретінде екі азамат ұсталып тергеу изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Руслан Нұрланұлы

Арай базары Қарағанды өрт базар өртенді Шахтинск Ботақара кенті

Хабарламаларға жазылу