Ақтөбеде 43 жастағы мұғалім әріптесін пышақтап өлтірді
Ақтөбе облысында мектеп мұғалімдері төбелесіп, бірі пышақ жарақатынан көз жұмды. Оқиға Темір ауданының орталығы - Шұбарқұдық ауылында болған. Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Жанжалдасқан мұғалімдер Жансен Кереев атындағы мектепте жұмыс істеген. Түскі үзіліс кезінде олар басқа бір әріптестерінің үйіне қонаққа барған. 43 жастағы мұғалім әріптесі Берік Елтезеровтің кеуде тұсына пышақ сұққан. Мақтаулы мұғалімдердің бұл әрекеті білім саласы басшыларының өзін де шошытып отыр.
Гүлназ Сүлейменова, облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары:
Мұғалімдер ауылда кездескен. Сол жерде өзара келіспеушілік болған. Сол келіспеушілік салдарынан дене жарақатын алған. Қайтыс болған мұғалім 80-інші жылғы.
Білім саласы басшыларының сөзінше, екі мұғалімнің де еңбек өтілі 20 жылға жуық. Күдіктінің де жоғары білімді маман екені белгілі.
Ерболат Сарқұлов, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:
Ол пышақ жарақаты түріндегі зорлық-зомбылық белгілері бар 40 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Аталған факті бойынша күдікті тұлға анықталып ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Қазір күдікті қамауда. Мұғалімдердің жанжалына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Полицейлер тергеу мүддесі үшін басқа ақпаратты жария еткен жоқ.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02