Мысырдан келген екі нұрсұлтандық әуежайдан қашып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мысырдан келген екі нұрсұлтандық әуежайдан қашып кетті

23.10.2020
Мысырдан келген екі нұрсұлтандық әуежайдан қашып кетті

Бүгін, 23 қазан күні түнде Мысырдан келген рейстің екі жолаушысы, дәлірек айтсақ, Нұр-Сұлтан қаласының екі азаматы карантинге жатпау үшін әуежайдан қашып кеткен. Бұл туралы коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлайды. 

«Египеттен келген Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғыны ПТР-тест анықтамасы болмаған соң, карантинге жатқызатын арнайы автобусқа отырып жатқанда, әуежайдан қашып кетті.  Көлік полициясының қызметкерлері аталған азаматтардың орналасқан жерін дереу анықтап, тәртіп бұзушыларды стационарға жеткізді», - деп хабарлайды ВАК. 

жалпы, 23 қазанға қараған түні Қазақстанға 11 халықаралық әуе рейсімен 1291 жолаушы келді, оның ішінде 329 адамның анықтамасы болмаған.  Жолаушылар Түркия, Египет, БАӘ, Беларусь, Грузия және Ресейден халықаралық әуе рейстерімен келді.

Хабарламаларға жазылу