Мысырдан келген екі нұрсұлтандық әуежайдан қашып кетті
Бүгін, 23 қазан күні түнде Мысырдан келген рейстің екі жолаушысы, дәлірек айтсақ, Нұр-Сұлтан қаласының екі азаматы карантинге жатпау үшін әуежайдан қашып кеткен. Бұл туралы коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлайды.
«Египеттен келген Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғыны ПТР-тест анықтамасы болмаған соң, карантинге жатқызатын арнайы автобусқа отырып жатқанда, әуежайдан қашып кетті. Көлік полициясының қызметкерлері аталған азаматтардың орналасқан жерін дереу анықтап, тәртіп бұзушыларды стационарға жеткізді», - деп хабарлайды ВАК.
жалпы, 23 қазанға қараған түні Қазақстанға 11 халықаралық әуе рейсімен 1291 жолаушы келді, оның ішінде 329 адамның анықтамасы болмаған. Жолаушылар Түркия, Египет, БАӘ, Беларусь, Грузия және Ресейден халықаралық әуе рейстерімен келді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02