Ақтөбеде коронавирусты емдейтін дәрі қоймада жоқ

22.10.2020

Ақтөбеде коронавирусты емдейтін негізгі дәрілердің бірі қоймада жоқ болып шықты. Бұл фактіні мониторингтік топ арнайы рейд кезінде анықтады.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері «СК-Фармация» логистикалық хабына барып, тексеріс жүргізген еді. Препараттарға жауапты мамандар дәрі-дәрмектерді емдеу мекемелеріне таратып үлгергендерін алға тартты. Жуық арада қоймада жоқ дәрінің орны толтырылуы тиіс. 

Расул Медетов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры:
-Мысалы «Фавипиравир» дәрісінің бұл жерде жоқ екені анықталды. «СҚ-Фармация» қоймасы Ақтөбе, Ақтау, Орал және Атырау қаласына негізделген. Бірақ барлығына жеткілікті немесе жеткіліксіз екендігіне байланысты қоғам өкілдерінің тарапынан кейбір сұрақтар туындады.

Жақсыбек Кемал

Ақтөбе коронавирус дәрі

Хабарламаларға жазылу