Кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес - Тоқаев желідегі пікірталасқа жауап берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес - Тоқаев желідегі пікірталасқа жауап берді

22.10.2020
Кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес - Тоқаев желідегі пікірталасқа жауап берді

Мемлекет басышы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында электронды форматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан, дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайды деді. 

«Жақында әлеуметтік желіде еліміздегі кітапханалардың рөлі туралы қоғам назарын аудартқан пікірталас болды. Шындығына келгенде, бұл мәселенің мән-жайы баршаға түсінікті болуға тиіс. Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар - білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені», - деді Президент

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп кітапханаларының мәселесіне де толталды.

«Тағы бір маңызды міндет - мектеп кітапханаларының кітап қорын жаңалау және толықтыру. Қазір бұл кітапханалардың қоры ескірген әрі жұтаң. Әсіресе, көркем туындылар мен тартымды әдебиеттер тапшы. Қазақ тіліндегі тиісті әдебиеттер өте аз немесе мүлдем жоқ. Оқушылардың әлем әдебиеті классиктерінің шығармаларына қолы жете бермейді. Оқу мәдениетін арттыру мәселесін кешенді түрде шешу үшін тілдік пәндер мен әдебиеттің оқу бағдарламаларын қайта қарау керек. Білім және ғылым министрлігіне осы мәселелермен мұқият айналысуды және нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын»,- деді Мемлекет басшысы.
ұлттық кеңес кітапхана президент

Хабарламаларға жазылу