Тоқаев Мәжіліс сайлауы өтетін күнді белгіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқаев Мәжіліс сайлауы өтетін күнді белгіледі

21.10.2020

Парламент Мәжілісі депуттарының сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойып, саяси дода өтетін күнді белгіліп берді. Әрі халыққа үндеу жариялап, бұл жолғы науқанның ерекшелігін атап өтті. Өйткені осы уақытқа дейін елімізде сайлау мен партия туралы заңдарға түзетулер енгізілгені белгілі. Оған сай, алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота енгізілген еді. «Бұл Парламент пен жергілікті мәслихаттарға нәзік жандылар мен жалынды жастарды тартудың тиімді жолы», - деді Президент. 

Сондай-ақ заңға парламенттік оппазиция институтын құруды көздейтін және оның қызметін реттейтін нормалар енгізілген болатын. «Мұндай жаңа бастамалар партияларға саяси ұстанымын нығайту үшін қосымша мүмкіндіктер береді», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Енді Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің бір төрағасы мен екі хатшысы парламенттік оппозиция депутаттары арасынан сайланады. Сонымен қатар, парламенттік оппозиция бір сессия кезінде кемінде бір рет парламенттік тыңдау өткізу жөнінде бастама көтеру құқығын иеленеді. Сондай-ақ бір сессия кезінде кемінде екі рет үкімет сағатының күн тәртібін айқындайтын болады. 

Досжан Маратұлы

президент жарлық ақорда сайлау мәжіліс сайлауы

Хабарламаларға жазылу