Оралда атыс болып, екі адам зардап шекті
Орал қаласында кеше түнде атыс болып, екі адам ауруханаға түсті. Алдын ала мәлімет бойынша Пойменная көшесінің бойында 20-мен 30 жас аралығында 20 жігіт топтасып төбелескен. Соңында суық қару қолданылып, екі адам жарақат алды. Оның бірі ауыр халде. Ішінен оқ тиген 24 жасар жігітке дереу операция жасалды.Қазір ол жансақтау бөлімінде. Оқыс оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Болатбек Белгібеков, БҚО Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:Осы оқиғаға қатысқан адамдар анықталып, біреуінен басқасының бәрі ұсталды. Қазіргі таңда осы адамды ұстауға бағытталған шаралар жүргізілуде. Аталған факті бойынша ҚК-тің 293-бабының 3-ші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тексеру басталды.
Рауан Диәли
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02