Елімізде ауыл шаруашылығы техникасы қайта өңдеуге қабылданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде ауыл шаруашылығы техникасы қайта өңдеуге қабылданады

20.10.2020

Ескірген ауыл шаруашылығы техникасы қарашадан бастап қайта өңдеуге қабылданады. Енді комбайн мен тракторды жеңілдік сертификатына ауыстыра аласыз. Сертификат құны техника түріне қарай 2 млн теңгеге дейін бағаланады. Мәселен, барлық техникасы бар комбайн өткізсеңіз, 2 млн теңгелік сертификат беріледі. Техникасы түгел емес комбайн үшін 1,5 млн, тракторды 1 млн теңге ауыстыра аласыз. Жеңілдік сертификатын елде құрастырылған жаңа ауыл шаруашылығы техникасы мен көлік сатып аларда пайдалануға болады. 

Ақерке Бектас 


ауыл шаруашылығы техникасы қайта өңдеу

Хабарламаларға жазылу