Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлыққа үміткерлер іріктелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлыққа үміткерлер іріктелді

20.10.2020

ҚР Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлыққа үміткер 3 адам екінші кезеңге өтті. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен комиссияның қорытынды отырысында белгілі болды. Айта кетерлігі, биыл сыйлыққа үміткер ретінде 6 жұмыс ұсынылған. Марапат ғылым мен техника қайраткерлерінің қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін насихаттап, құрметтеуге бағытталған.

Дарын Сағитов 

мемлекеттік сыйлық Қырымбек Көшербаев үміткер

Хабарламаларға жазылу