Абайдың 175 жылдығынан үнемделген қаржы бюджетке қайтарылды

19.10.2020

Абайдың 175 жылдығын тойлауға бөлінген қаржыдан 1,7 миллиард теңге үнемделіп, бюджетке қайтарылды. Ақшаның игерілмеуі коронавирусқа байланысты. Шаралардың барлығы онлайн өткізілгендіктен, айтарықтай шығын болмаған. Жалпы бұл ғана емес, індет өршігелі көптеген мерекелік шараларды өткізуге тыйым салынғаны белгілі. Бір ғана Наурыз мерекесін тойлауға салынған шектеуден 2 миллиардқа жуық ақша үнемделген еді. 

Досжан Маратұлы 


Абайдың 175 жылдығы бюджет

Хабарламаларға жазылу