50 мың теңге көмек бұрын алмаған азаматтарға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

50 мың теңге көмек бұрын алмаған азаматтарға беріледі

13.10.2020
50 мың теңге көмек бұрын алмаған азаматтарға беріледі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл ел бойынша тағы 100 мың әлеуметтік аз қамтылған отбасыға 50 мың теңге көлемінде қосымша атаулы төлемдер ұйымдастыруды тапсырған болатын. «Birgemiz» қорының төрағасы Руслан Сакеевтің айтуынша, 100 мыңнан астам азамат біржолғы материалдық көмекпен қамтылады. 

Қаражат алушылардың 7 санаты: 
1. Тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар;
2. Мұқтаж мүгедектер;
3. Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар;
4. Ең төменгі зейнетақы алатын және халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын зейнеткерлер;
5. Жетім балалар (тұл жетім балалар мен асыраушысының бірінен айырылған балалар);
6. Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектер және соларға теңестірілгендер;
7. Тыл еңбеккерлері;

«Көмек алушылардың тізімін бұрынғыдай әкімдер ұсынады. Бұл ретте біз бұрын көмек көрсетілмеген азаматтардың алуын қадағалаймыз», - деді қор төрағасы. Сондай-ақ, Руслан Сәкеев қазіргі таңда осы бағытта өңірлермен қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқанын және азаматтарға біржолғы көмек жақын күндері берілетінін атап өтті.

Айта кетейік, осы уақыт ішінде қор қаражатынан 550 мыңнан астам мұқтаж азамат 50 мың теңгеден алды. Пандемиямен күресте алдыңғы шепте болған елорда мен Алматы қаласының 2112 медицина қызметкеріне біржолғы төлем жасалған.


«Birgemiz» қоры 50 мың теңге көмек Руслан Сәкеев әлеуметтік аз қамтылған отбасы атаулы төлем

Хабарламаларға жазылу