Сыр өңірінің экологиясы нашарлап барады
Сыр өңірінде экологиялық ахуал күрделеніп барады. Қазақстан комунистік халықтық партиясының мүшелері аймақта қоршаған ортаның бұзылуына алаңдаулы.
Экология тақырыбында сала мамандарымен дөңгелек үстелде бас қосқан партия белсенділері бірқатар мәселелерді ортаға салды. Қаладан шығатын қоқыстың көлемі жылдан жылға ұлғайып барады. Бүгінде полигондар тонналаған қалдықты өртеп, ауаны ластауда. Қатты қалдықтарды сұрыптап, кәдеге жарату жобасы әзірленгенімен, толық жүзеге асырылмай отыр.
Тағы бір күрделі проблема - Сырдария өзеніндегі су деңгейінің түсіп кетуі. Бұл өңірдің флорасы мен фаунасына айтарлықтай зиянын тигізуде. Жиында айтылған мәселелерге қатысты, комунистік партия мүшелері Үкіметке ұсыныс жіберетін болды.
Талғат Телеубаев, Қазақстан комунистік халықтық партиясының облыстық филиалының бірінші хатшысы:Халықаралық келісімшарт бар. Бізде су мәселесі өте өзекті болып тұр.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17