Менің де намысыма тиеді - Министр «Борат-2» фильмі туралы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Менің де намысыма тиеді - Министр «Борат-2» фильмі туралы

19.10.2020
Менің де намысыма тиеді - Министр «Борат-2» фильмі туралы

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Борат-2» фильмінің шығуына қатысты пікір білдірді.

«Екінші фильмнің шыққанын елемеу мүмкін емес. Жалпы, олар шығармашылық адам ретінде өз болымысын көрсете алады. Алайда ондай әрекет адамның ар-намысына, белгілі бір мемлекеттің атақ-абыройына нұқсан келтірмеуі тиіс. Фильмді Қазақстанда прокатқа шығару кәуілігіне өтініш берілген кезде министрлік тиісті шара қолданып, қарсылық білдіре алады. Әзірге ешқандай ресми өтініш түскен жоқ. Сондықтан Мәдениет және спорт министрлігі шара қолданып жатқан жоқ. Қазақстан азаматы ретінде айтарым, ол фильм менің намысыма да тиеді», - деді ол брифингте.

Министр кино туралы заңда фильмдерді прокатқа шығармау туралы арнайы нормалар барын еске салды.

«Біз фильмнің мазмұнын толығымен білмейміз. Сондықтан ресми түрде өтініш түссе, оны заң аясында жан-жақты қарастырамыз», - деп түйіндеді Ақтоты Райымқұлова.
Борат-2 Мәдениет және спорт министрлігі

Хабарламаларға жазылу