Ақордада Үкімет жұмысы қорытындылануда

06.08.2014
Ақордада Үкімет жұмысы қорытындылануда

Мемлекет басшысының төрағалығымен Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде.

«Үкіметтің ағымдағы жылғы басты міндеттері айқындалып, шешімдер қабылданды. Бұл - биылғы Жолдауда айтылған 2050-ге дейінгі бағдарлама. Біз осы бағытта 30 өркендеген елдің қатарынан көрінуіміз керек.

Барлық өңірді менің тапсырмаммен Үкімет басшысы аралап шықты, әкімдермен кездесті. Бағдарламалар бекітілді, индустриялық жоспарлар бар.

Алмағайып заманда, оның ішінде ТМД елдерінде болып жатқан оқиғалар аясында біз де барлық мәселені сараптан өткізіп тұруға тиіспіз. Қазақстанға осындай оқиғалардың қиындығы тиеді. Оның алдын алу үшін не істеу керек?

Ең негізгі мәселе - экономиканы өркендетуді жолға қоюымыз керек. Бүгін негізгі әңгіме осы жайында болады», - деді жиынды ашқан Елбасы Н. Назарбаев.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу