АҚШ-тың Ұлттық хоккей лигасында ойнап жүрген тұңғыш қазақ қызы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Ұлттық хоккей лигасында ойнап жүрген тұңғыш қазақ қызы

19.10.2020
АҚШ-тың Ұлттық хоккей лигасында ойнап жүрген тұңғыш қазақ қызы

Қазақстандық кәсіби хоккейші Бұлбұл Картанбаева әлемнің жас ойыншыларын біріктіретін Халықаралық әйелдер хоккей лагерін құрмақ. Лагерь 2021 жылдың жазында ашылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ Бұлбұл Картанбаева жас спортшыларды қолдау үшін «Kartanbay» қорын құрды.

«Мен дарыны мен дағдысы тең түсетін жастарды кездестірдім, бірақ олардың өз дамуын жалғастыруы үшін қаржылық қолдау жоқ. Біздің қордың мақсаты – осы ойыншылардың ойын барысында дамып, әлемге өз дарынын таныта алатындай етіп қолдау», - деді спортшы. 

Айта кетейік, Жамбыл облысының тумасы Бұлбұл Қартанбаева әйелдер арасындағы Ұлттық хоккей лигасында (NWHL) ойнап жүрген тұңғыш қазақстандық хоккейші. Кәсіби әйелдер хоккей қауымдастығының мүшесі. Елімізде «Томирис» және алматылық «Айсұлу» командаларында ойнаған. Бес әлем чемпионатына қатысқан. АҚШ-тың «Metropolitan Riveters» командасында өнер көрсеткен. 2020 жылдың маусым айында Бұлбұл АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы «Princeton Tiger Lilies» хоккей клубының бас бапкері болып тағайындалды.

хоккей Бұлбұл Картанбаева Princeton Tiger Lilies бас бапкер

Хабарламаларға жазылу