Сан-Франциско қаласында дауыс беру басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сан-Франциско қаласында дауыс беру басталды

19.03.2023

Қазақстанның көп өңірінде сайлау учаскелері жабылып, комиссиялар дауыстарды санауға қамданып жатса, АҚШ-тың Сан Франциско қаласында сайлау енді басталды. Меншікті тілшіміз Жалғас Сәдібекұлы толықтырады.

Жалғас Сәдібекұлы, тілші:

Рахмет, Армангүл. Ия, Сан Франциско қаласында енді ғана сайлау учаскесі ашылды. Себебі, Астанамен арада он үш сағат уақыт айырмашылығы бар. Соған сай әлем бойынша да ең соңғы болып АҚШ-тың осы қаласындағы учаске жабылады. Жалпы, Америка жерінде үш сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Ел астанасы Вашингтон мен қазақтар көп шоғырланған Нью-Иоркта дауыс беру үш сағат бұрын басталған еді. Азаматтар таңмен таласа тұрып келіп өз таңдауларын жасап жатыр. Алғаш дауыс берген Назерке Төлеубай есімді қарындасымыз. 21 жасар қазақ қызы әрі тұңғыш рет Парламент сайлауына қатысып тұрғанын айтады.

Назерке Төлеубай, студент:

Жалпы АҚШ бойынша ұзын саны төрт жүздей адам дауыс беруі мүмкін. Оның ішінде осы елде уақытша тұрып жатқандар, жұмыс бабымен келген азаматтар, білім қуып жүрген студенттер және елшілік қызметкерлері бар. Айта кетейік, қонданыстағы заңданмаға сәйкес, шетелде дауыс берудің өзіндік ерекшелігі бар. Бюлетендерде Мәжіліске сайлауға түсіп жатқан партиялардың тізімі ғана болады. Яғни, төменгі палатаға бір мандатты округ бойынша өзін өзі ұсынғандар мен мәслихат депутаттығына үміткерлер қосылмайды. Армангүл!

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу