ШҚО-да гидрогеологиялық ұңғымалардан 30 жылдан бері өздігінен су ағып жатыр

18.10.2020

Жаңа Экологиялық кодекс Парламент Мәжілісінің талқысына түсті. Кодекс 7 негізгі қағидадан тұрады, олардың бастысы — «ластаушы өзі төлейді және түзетеді». 2025 жылдан бастап «бірінші санаттағы» ірі нысандар (олардың саны 50), түрлі зиянды қалдықтарды азайтуға бағытталған ең жақсы қолжетімді технологиялар енгізуге міндеттеледі.  

Ең жақсы қолжетімді технологияларға өткен компаниялар эмиссиялар үшін – яғни сұйықтық және газ түріндегі, сонымен бірге қатты қалдықтар үшін төлемнен босатылады, ал өйтпегендерге – ең жақсы қолжетімді технология енгізбегендерге, төлем мөлшерлемелері 2028 жылдан бастап әр үш жыл сайын 2, 4, 8 есе біртіндеп өседі.

Жалпы, елімізде экологиялық проблема көп, өте көп. Ауаны, жерді, суды улы қалдықтармен ластаудан бастап, аң-құсты аяусыз қыруға дейін. Трансшекаралық өзендердің суалуынан бастап, тұрмыстық қалдықтардың утилденбеуіне дейін.

Және парадокс дүние көп. Мысалы, біздің жеріміздегі шөл аймағының жалпы көлемі республика аумағының 44%-іне жуығын алады. Ал шөлейтті, соған бейім жерлерді қоссақ, 90 проценттен асады. Жердің тозу проблемасын ескерсек, жағдай мәз емес. Бұл экономикалық тұрғыдан да қауіпті екені түсінікті. Соған қарамай мысалы, босқа ағып жатқан бұлақтар бар. Кезінде ШҚО Зайсан ауданында жер асты су қорын зерттеу жұмыстары жүргізілген. Ол үшін ұңғыма қазылып, құбырлар орнатылған. Бірақ кейбір жерде құбырлар жабылмай, талай жылдан беру су қатты қысыммен жер бетіне шығып, далаға ағып жатыр. Сол маңдағы ауыл халқы бұл жерді «ресторан» дейді екен, себебі жазда қонақ күтеді. Осы «ресторан» сөзі бізде көп қолданатын және сүйікті сөз сияқты... Шығыс Қазақстан облысынан Берік Көшербайдың арнайы репортажы.


Экологиялық кодекс гидрогеологиялық ұңғыма

Хабарламаларға жазылу