Қазақстанда коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетін болды

17.07.2020
Қазақстанда коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетін болды

Қазақстанда коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетін болды.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

«Коронавирус пен пневмония бойынша мәліметтердің ашықтығын барынша қамтамасыз ету үшін Денсаулық сақтау министрлігі статистикалық мәліметтерді тіркеу және ақпараттандырудың жаңа амал-әдістерін айқындады. ДДСҰ-ның Еуропалық бюросы жүргізген техникалық кеңесті есепке ала отырып, біз КВИ жағдайларын кодтау мен тіркеуде халықаралық аурулар квалификациясының жаңа кодына өту туралы шешім қабылдадық», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Осылайша, елде тіркеліп жатқан пневмония дерті ПТР-тестілеуі теріс нәтиже көрсетсе де COVID-19 індетінің зертханалық расталған жағдайларымен теңестіріледі. Халықаралық аурулар квалификациясының жаңа кодын қолдана отырып, COVID-19 кодтауына толық өту 1 тамызда басталады.

Министрдің айтуынша, бүгінде елімізде 66 895 адамнан коронавирус анықталды. Оның 26 175-і емделіп жатыр. 40 256 адам жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 464.

Сондай-ақ 1 қаңтар-15 шiлде аралығында Қазақстанда 234 мың адам пневмонияға шалдыққан. 3 327 адам індеттен көз жұмды.


Хабарламаларға жазылу