Шымкентте шетелден келген 2 жолаушыдан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте шетелден келген 2 жолаушыдан коронавирус анықталды

14.10.2020

Ыстамбұлдан Шымкентке ұшып келген екі жолаушының коронавирус індетіне шалдыққаны анықталды. Сол рейспен ұшып жеткен тағы 11 жолаушы COVID-19 жұқтыруы мүмкін деген күдікпен стационарлық емханаға жатқызылды. 

Сондай-ақ шаһарда балалар арасында да вирус жұқтыру деректері көбеюде. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының мәліметінше, қауіпті індет 4 оқушыдан табылып отыр. Олардың барлығы қазір ауруханада қажетті ем алуда.

Бақытжан Позилов, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Төрт бала ауырып отыр. Олардың барлығы мектепке бармаған. Қашықтан оқыған балалар. 

Сондай-ақ Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдайтын 13 диагностикалық орталық ашылды. Сонымен бірге шаһарда 6 ПТР зертханасы ашылып, жұмыс істей бастады. Олар тәулігіне 3,5 мың адамнан сынама алып, қорытынды жасай алады. Бұдан бөлек, жаңадан 3 оттегі станциясы жасақталып, сұйық оттегі сақталатын 9 резервуар орнатылды.

Ғани Қалмахан


короанвирус карантин шымкент

Хабарламаларға жазылу