Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күрт азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күрт азайды

08.02.2022

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күрт азайды. Бұған кейін күніне 7 мыңдай адам індеттің ілмегіне іліксе, өткен тәулікте тек, 2 004 жағдай тіркелген. Қауіпті кеселден 12 адам қайтыс болды, 9 867 науқас айығып шықты. Десе де, елде «қызыл» аймақта екі мегаполис пен 9 облыс тұр. Өңірлердегі эпид- ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары қауіптің жоғары деңгейінде орналасса, «сары» аймақта Атырау және Жамбыл облыстары тұр. «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары. Айта өтейік, коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алған қазақстандықтардың саны 8 822 430 адам. Оның 600 мыңға жуығы мектеп жасындағы балалар.  

Хабарламаларға жазылу