Коллекторлардың әрекетіне шектеу қойылады

13.10.2020

Борышкердің бейберекет мазасын алып, ар-намысына тиетін коллекторлардың әрекетіне шектеу қойылмақ. Қаржы нарығын реттеу агенттігі осылай деп хабарлады. Бұдан былай олар қарызын төлемей жүргендерге коллекторлық қызметте тіркелген нөмірмен ғана хабарласады.

Борышкермен сөйлескен аудио және бейнебайланыстың жазбасын сақтауға міндетті. Қарыз алған адамның тек мекенжайын білу мақсатында ғана араға үшінші адамды араластыра алады. Сондай-ақ борышкердің жұмыс берушісімен немесе әріптестерімен байланысқа шектеу қойылмақ. Яғни коллектор оларға почта арқылы немесе электрондық хат ғана жібере алады. Жалпы елде қазір 200-ге жуық коллекторлық агенттік тіркелген. Оларға биыл 150-ден аса шағым түскен.  

Ақерке Бектас


Коллектор

Хабарламаларға жазылу