Астық экспортына шектеу қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астық экспортына шектеу қойылады

31.03.2020

Қазақтың бидайы енді экспортталмайды. Төтенше жағдайға байланысты еліміздің Ауылшаруашылығы министрлігі осындай шектеу енгізбек. Мұндай шара Қазақстанның астыққа деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету, оның ішінде азық-түлік көлемін сақтау және тамақ өнеркәсібін қайта өңдеу мақсатында қолға алынып отыр. Ал ұн экпорты бойынша тыйым жоқ қазір. Тек республикадан тыс жерге шығаруға шектеу қойылады. Яғни бидай мен ұн министрлік белгілеген ай сайынғы квота шеңберінде ғана экспортқа шығарылады. Ресми дерекке сүйенсек, қазіргі уақытта елімізде 9,2 миллион тонна астық бар, оның ішінде азық-түлік – 6,4 миллион тонна, тұқымдық – 1,5 миллион тонна, жемдік – 1,3 миллион тонна.  

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу