Бурабайға баратын жолдың көпірінен ақау шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурабайға баратын жолдың көпірінен ақау шықты

13.10.2020

Бүгін желіде республикалық маңызды «Нұр-Сұлтан-Щучинск» тас жолындағы көпірдің ақауы түсірілген бейнежазба тарап кетті. Онда жолдың жарылып, қозғалып тұрғанын көруге болады. Бұл тас жол 2009 жылы салынған. Қазіргі уақытта «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының қарауында. Компания берген ақпаратқа сәйкес Ақмола облысының Шортанды кенті тұсындағы 75-ші шақырымындағы көпірдің металл плиталарының арасы алшақтап кеткен. Осыған орай арнайы комиссия құрылып, сараптама жасалды.  

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы АҚ басқарма басшысының орынбасары:
-Комиссия автокөлік құралдарының барлық түрлері үшін жол жүрісін уақытша шектеу туралы шешім қабылдады. Жөндеу жұмыстары басталды. Жақын арада көпірді қалпына келтіреміз. 

Ермек Елберген

Нұр-Сұлтан-Щучинск тас жол ҚазАвтоЖол

Хабарламаларға жазылу