Қырғызстандықтар бірінші төтенше жағдайды сақтамаған
Елдің Жоғарғы Кенеші Сооронбай Жээнбековтің жұма күнгі шұғыл шешімін қолдамаған сыңайлы. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Бішкекте төтенше жағдай режимі енгізіліп отыр. Ол тура 1 аптаға созылады. Кешкі сағат 20:00-ден басталып, 19 қазан таңғы 7:00-ге дейін жалғасады. Тиісті жарлыққа қол қойылған.
Сооронбай Жээнбеков Бішкектегі бүліктен соң бейбіт халықтың өмірі мен денсаулығына төнген қауіпті жойып, саяси ахуалды тұрақтандыру үшін осындай шешім қабылдағанын жеткізді. Сондай-ақ төтенше жағдаймен қоса ел астанасында түнгі 22:00-ден таңғы 5-ке дейін коменданттық сағат енгізілді. Тұрғындардың қалаға кіріп-шығуы шектеледі және бұқаралық іс-шаралар, шерулер өткізуге тыйым салынған.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
19.08.2026, 16:54
Сайлау комиссия мүшелері жүйелі түрде оқытылып жатыр
19.08.2026, 16:53
Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарататын зауыт салынбақ
19.08.2026, 16:51
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
19.08.2026, 16:50
Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 5 трлн теңгеден асты
19.08.2026, 13:36
ЖИ орталығында алғаш рет халықаралық форум
19.08.2026, 13:23
Қытай қайта қонатын зымыранды сынады
19.08.2026, 13:20
29 штат Meta компаниясын сотқа берді
19.08.2026, 13:17