Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялауға қатысты жағдайды жіті қадағалап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялауға қатысты жағдайды жіті қадағалап отыр

28.02.2022

 Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы фейсбуктегі парақшасында жазды. Айтуынша Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев президентке азаматтарымызды елге жеткізу үшін қабылданған шаралар жөнінде есеп берді. Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрлігі, елшіліктер қызметкерлері және Қазақстанның Украина мен Польшадағы құрметті консулдарының түрлі қиындыққа қарамай, атқарып жатқан жұмыстарын оң бағалайды. Қазіргі уақытта ел Үкіметі Катовице – Атырау – Алматы бағыты бойынша рейстерді ұйымдастыру мәселесін пысықтады. Қазақстан азаматтарын елге жеткізетін бірінші рейс бүгінге жоспарланған. Азаматтарымызды Украинадан алып келуге қатысты мәселе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында» - деп жазылған парақшада. 

Хабарламаларға жазылу