Бішкекте төтенше жағдай жарияланды – Президент Жарлығы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бішкекте төтенше жағдай жарияланды – Президент Жарлығы

09.10.2020
Бішкекте төтенше жағдай жарияланды – Президент Жарлығы

Қырғызстан Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкек қаласының аумағына төтенше жағдай режимін енгізді.  

Қырғыз Президенті қол қойған Жарлыққа сәйкес, Бішкек қаласының аумағында 2020 жылдың тоғызыншы қазанынан бастап, 21-інші қазан, таңғы 08.00-ге дейін төтенше жағдай енді.

Бішкекте коменданттық сағат орнап, қалаға кіріп-шығу үшін ерекше режим орнады. Қырғызстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Алмазбек Орозалиев Бішкектің комендаты болып тағайындалды.

ТЖ туралы қаулыға сәйкес, жекелеген адамдар белгіленген уақытта үйін немесе тұрғылықты жерін ауыстыра алмайды.


Бішкек Төтенше жағдай Сайлау

Хабарламаларға жазылу