Президенттің төтенше жағдай туралы Жарлығы шықты

15.03.2020

Иә, өкінішке қарай, ақыры біздің азаматтар да жұқтырды. Бір мезетте әлемнің көп еліне тарап, алаңдатарлық деңгейде кісі өлімі болғанда індетті «пандемия» деп атайды. ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялаған етін, рас ілікпеу мүмкін емес вирус екен.

Түстен кейін Президент Қ.Тоқаевтың Жарлығы шықты - Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы. 1 пунктінде еліміздің барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыздағы 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізу жазылған. Одан әрі қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимдік, режимдік және ерекше қорғалатын объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетін күшейту;

Ірі сауда объектілерінің жұмыс істеуіне шектеу қою;

сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметін тоқтата тұру жазылған.

Сонымен бірге карантин енгізіледі.

Мынадай маңызды бап бар - ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынады! Ел аумағына кіріп-шығуға шектеу қойылады. Барлық дерлік іс-шараларға барлық дерлік бірінші басшылар мен әкімдер жауапты. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінен қажетті қаражат бөлінеді. Бір айта кететіні, азық-түлік дүкендері жабылмайды. Бөлек тұрған, шағын азық-түлікке қатысы жоқ магазиндар де. Азық-түлік сатпайтын сауда орындары, оның ішінде ойын-сауық орталықтары жабылады.

Денсаулық сақтау министрлігі ақпарды бейнебайланыс арқылы тарата бастады. Сонымен, бүгінгі мәлімет – елімізде коронавирус 8 адамнан анықталды. Екеуі туралы Денсаулық сақтау министрі түстен кейін хабарлады.

Вирус жұқтырған алғашқы адаммен Германиядан 73 жолаушы бірге келген. Жан-жаққа тарап кеткен жолаушылар түгел іздестіріліп жатыр. Ал екінші науқас отырған ұшақта тағы 12 адам болған. Олар Алматы, Атырау, Степнагорск және Қарағанды қалаларынан табылып, стационарға жатқызылды. Ал бүгін вирус жұқтырған 95 жылғы азаматпен бірге елге келген жолаушының бәрі карантинге жатқызылды.

Қазір алматылық әріптесім Жазира Оразқызымен тікелей байланысқа шығамыз.


Хабарламаларға жазылу