Ұлттық банк 232 миллион долларға қаржылық интервенция жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк 232 миллион долларға қаржылық интервенция жасады

08.10.2020

Ұлттық банк қаржы нарығындағы тұрақтылықты сақтап қалу үшін көктемнен бері алғаш рет 232 миллион долларға қаржылық интервенция жасады. Биржада АҚШ валютасының саудасы қызып тұр. Қыркүйекте 2,6 млрд долларға бірақ өскен. Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, бұл биылғы алғашқы рекордтық көрсеткіш. Тиісінше, төл теңгемізге қысым күшейді.

Соңғы бір айда ұлттық валюта долларға шаққанда шамамен 12 теңгеге әлсіреді. Ал жыл басынан 12,3%-ке арзандаған еді. Теңгенің құнсыздануының алдын алу үшін Ұлттық банк КАSЕ-ге қосымша ақша құяды. Интервенцияға қарамастан, доллардың қалай құбылатынын болжау қиын. Алайда, осы үш күнде ұлттық валютамыз долларға шаққанда бір-екі теңгеге нығайды. Бүгінгі сессия қорытындысына сәйкес, АҚШ ақшасы 428 теңге 88 тиын болып бекіді. 

Ақерке Бектас


Ұлттық банк интервенция

Хабарламаларға жазылу