Бельгияда шектеу шаралары күшейтілді
Бельгияда бүгін бір тәулікте 3,5 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырып, 132 науқас ауруханаға түскен. Бұл мамыр айынан бергі рекордтық көрсеткіш. Індет әсіресе ел астанасы Брюссельде өршіп тұр. Вирустың таралуына тосқауыл қою үшін шектеу шаралары күшейтілді. Бүгін бас шаһардағы кафе-барлар бір айға жабылды. Ертеңнан бастап отбасы мүшелерінен бөлек сыртта тек 3 адаммен ғана кездесуге рұқсат. Үйге қонаққа 4 адамнан артық шақыруға болмайды. Премьер-министр халықты мейлінше қашықтан жұмыс істеуге және шектеу шараларын сақтауға шақырды.
Александр Де Кроо, Бельгияның премьер-министрі:-Елдегі жағдай алаңдатарлықтай. Ауруханаға түсушілер, індеттен қайтыс болушылар көбейіп барады. Кей ауруханаларда жағдай тіпті ауыр. Әсіресе жастарға айтарым, ережелерді сақтаңыздар. Ереже біреуді қинау үшін емес, өзімізге қымбат жандардың өмірін қорғау үшін қажет.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06