Қазақстанда 145 колледж 332 мамандық бойынша студенттерді оқытпайды

08.10.2020

Қазақстанда 145 колледж енді 332 мамандық бойынша студенттерді оқытпайды. Білім және ғылым министрлігі жүргізген мониторинг барысында оқу процесіне қажетті құрал-жабдықтардың, мұғалімдердің біліктілігі мен білім алуға тиісті жағдайдың жасалуы тексерілген. Нәтижесінде жекелеген мамандықтар бойынша лицензияны қайтару туралы шешім қабылданды. Көпшілігі - нарықта сұранысы төмен мамандықтар. Министрлік білім ордаларына осы уақытқа дейін оқуға түскен студенттерге колледжді аяқтауға мүмкіндік берген.

Мадина Жолдас

Білім және ғылым министрлігі білім лицензия

Хабарламаларға жазылу